#тыркелушыден
Сіздерде оқып көріңіздер.
Бір күні үйге метромен қайтып бара жатқам. Телефонымнан кәрістердің суретін көріп отырдым. Бір кезде жанымдағы жігіт айтты
-Кәрістің жігіттері қызтеке!
-Неге?
-Киім киісі ,боянғаны қыздар сияқты.
-Ал сіздің кумиріңіз кім?
-Перис Хилтон, Бритни Спирс. Қазақтан Мадина Садуақасова мен Қайрат Нұртас.
-Сіз конфет сатып алсаңыз, қағазына қарап таңдайсыз ба?
-Жоооға! Тәтті болса болды ғой!
-Онда сіз ауылбай екенсіз!
-Түсінбедім?
-Сіздің киіп алған киіміңіздің стильін айтам, ауыл адамдары секілді!
-Кешіріңіз әрине бірақ адамды сырт-келбетіне қарап қалай шешім қабылдайсыз? Қуады екенсіз. Мен қалада туып өскем!
-Қалай екен?
-Не?
-Мен де сізге соны айтқым келеді! Олардың сырт-келбетіне қарап қызтеке екенін бал ашып білдіңіз бе? Жоқ әлде көзбен көріп қолмен ұстайтындай дәлеліңіз бар ма? Түріңіе қараңызшы...
-Түріме не болыпты? Адамның түрі маңызды емес, ішкі жан-дүниесі..
-Иә! Өзіңіз айтқандай конфеттің сырты емес дәмі маңызды! Бізге де сол сияқты ,оның сырт-келбеті емес өнері, түрі емес таланты маңызды!
-Талант? Сіз қай талантты айтасыз? Олар дауысы қырылдап..
-Кешіріңіз! Сіз бір уақытта тв көріп отырып музыка тыңдай аласыз ба?
-Сіз қызық сұрақтар қояды екенсіз! Жоқ әрине. Ойым шашырап кетеді!
-Ал олар ән айтып тұрып билейді! Және де жанды дауыспен! Бұл бір уақытта муз тындап тв көрген сияқты! Олар өлеңдердін өзі жазады! 24сағаттың 3-4сағатын ғана ұйқыға арнайды! Тамақты ұшақта ,фургонда жүріп ішеді! Отбасын айлап-жылдап көрмейді! Қала көшелерін емін-еркін аралай алмайды! Өз шешімімен бірдеңе істей алмайды. Әр айтқан сөзі, жүріс-тұрысы, киімі бақылауда! Өз салмағын қалыпта ұстау үшін күні-түні еңбек етеді! Олардың әр күні жоспар бойынша өтеді.Сенесіз бе олардың жеке өмірге де құқығы жоқ! Осыдан кейін олар талантты еңбекқор емес пе? Осыдан кейін де олар біздің қолдауымыз бен махаббатымызға лайық емес пе?
-Сонда да олар ит жейтін кәпірлер!
-Жарайд. Жейсе жейтін шығар! Олар ит жейді дейік! Қазақтар сиыр жейді! Ал индустар сиыр жемейді! Олар да мүмкін қазақтарды сиыр жейтін оңбағандар дейтін шығар, өйткені оларда сиыр қасиетті.
-Не сонда олар сиыр жемейді деп біз жемейміз бе. Бұл біздің менталитет. Олай ойламайды. Бізді сиыр жегеніміз үшін ғана оңбаған деу орынсыз!
-Тағы да дұрыс! Ал сіз неге кәрістер ит жегені үшін оны айыптайсыз? Ол да менталитет! Жоқ әлде сіз адамды не жейтініне қарап сыйлайсыз ба? Кәпір дегенге келетін болсақ! Сіз қазақ болсаңыз мұсылмансыз , мұсылман болсаңыз пайғамарымыздың қай ұлт , қай дін болсын алаламай тең көру керектігін білетін боларсыз!
- Жарайд бірақ қысықкөз кәрістердің сөзін білмей әнін қалай тыңдайсың?
-Сіз ағылшынша жүз пайыз жақсы білмейсіз. Сонда да Бритни Спирсті тыңдайсыз ғой! Сонда сіз өзіңізді ағылшынша таза сөйлейтін бақырақ көзбін деп ойлайсыз ба? Азиаттардың бәрі сығыркөз!
-Мен тек....
-Сізге тәрбие берген қандай ана..
-Менің анамда неңіз бар? Жақсы болсын жаман болсын ол менің анам!
-Онда тыңдаңыз! Бритни Спирс мұсылман деп кім айты ? Қайрат Нұртас боянбайды деп кім айтты? Мадина Садуақасова фонограммасыз айтады деп кім айтты? Перис Хилтон шошқа жемейді деп кім айтты? Сіз сонда да оларды тыңдайсыз, кумирім деп есептейсіз! Және сіздің сөздеріңіз бізді ашындырмайды деп кім айтты? Анаңыз жайлы айтып едім көңіліңізге тиіп қалды. Өйткені ол жақсы көретін адамың. Бізге де сол сияқты! Жақсы болсын ,жаман болсын ол бізді кумиріміз! Бұндай сөздер бізді ренжітеді! Өзгенің талғамын сыйласаңыз өзіңізде сыйлы боласыз! Солай емес пе?
-Кешіріңіз...мен..бар болғаны..
-А иә Перис Хилтон Джи Драгонды сүйіп тыңдайды. Джи Дидің кім екенін білесіз бе? Ол кәріс рэпері.
-эмм...
-Сауболыңыз!